Дексилант в капсулах — инструкция по применению

Инструкция по применению дексиланта в капсулах, описание действия препарата, показания к применению капсул дексиланта, взаимодействие с другими лекарствами, применение дексиланта (капсулы) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Дексилант™
Международное название: Декслансопразол
Лекарственная форма:
Капсулы с модифицированным высвобождением 30 мг и 60 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A02 Препараты для лечения кислотозависимых заболеваний
Фарм. группа:
Препараты для лечения заболевания связанных с нарушением кислотности. Противоязвенные препараты и препараты для лечения гастроэзофагиального рефлюкса. Ингибиторы протонового насоса. Декслансопразол. Код АТХ А02ВС06
Условия хранения:
Хранить в сухом месте при температуре не выше 25°С. Хранить в недоступном для детей месте.
Срок хранения:
4 года. Не использовать препарат по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Капсулы с непрозрачной синей крышечкой и с непрозрачным серым корпусом. На крышечку тёмно-серыми чернилами нанесен логотип «ТАР», на корпус – надпись «30». Содержимое капсул - гранулы от белого до почти белого цвета ( для дозировки 30 мг).

Капсулы с непрозрачными синей крышечкой и корпусом. На крышечку тёмно-серыми чернилами нанесен логотип «ТАР», на корпус - надпись «60». Содержимое капсул - гранулы от белого до почти белого цвета (для дозировки 60 мг).

Состав дексиланта в капсулах

Одна капсула содержит
Бір капсуланың құрамында

Активное вещество дексиланта

декслансопразол 30 мг или 60 мг
30 мг немесе 60 мг декслансопразол

Вспомогательные вещества в дексиланте

сахарная крупка*, магния карбонат, сахароза, гипролоза низкозамещенная, гипролоза, гипромеллоза 2910, тальк, титана диоксид (Е 171), дисперсия метакриловой кислоты сополимера**, макрогол 8000, полисорбат 80, кремния диоксид коллоидный безводный, метакриловой кислоты сополимер (тип В), метакриловой кислоты сополимер (тип А), триэтилцитрат, Оболочка капсулы: Каррагинан, калия хлорид, титана диоксид (Е 171), краситель FD & C синий № 2 алюминиевый лак (E132), железа оксид черный (Е 172), гипромеллоза, чернила серые очищенные***

* - состав сахарной крупки: сахароза, крахмал кукурузный;

** - состав дисперсии метакриловой кислоты сополимера: метакриловая кислота, этилакрилат, натрия лаурилсульфат, полисорбат;

*** - состав чернил серых очищенных: железа оксид красный (E 172), железа оксид желтый (E 172), краситель FD & C синий № 2 алюминиевый лак (E 132), воск карнаубский, шеллак, глицерина моноолеат.
қант ұнтағы*, магний карбонаты, сахароза, орын басуы төмен гипролоза, гипролоза, гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы (Е 171), метакрил қышқылы сополимерінің дисперсиясы**, макрогол 8000, полисорбат 80, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, метакрил қышқылы сополимері (В типі), метакрил қышқылы сополимері (А типі), триэтилцитрат, Капсуланың қабығы: Каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, темірдің қара тотығы (Е 172), гипромеллоза, тазартылған сұр сия***

* - қант ұнтағының құрамы: сахароза, жүгері крахмалы;

** - метакрил қышқылы сополимері дисперсиясының құрамы: метакрил қышқылы, этилакрилат, натрий лаурилсульфаты, полисорбат;

*** - тазартылған сұр сия құрамы: темірдің қызыл тотығы (E 172), темірдің сары тотығы (E 172), алюминий лагы (E 132) FD & C № 2 көк бояғыш, карнауб балауызы, шеллак, глицерин моноолеаты.

Показания к применению капсул дексиланта

  • лечение эрозивного эзофагита любой степени тяжести
  • профилактика эрозивного эзофагита и облегчение проявлений изжоги
  • лечение изжоги, как симптома неэрозивной рефлюксной болезни и гастроэзофагеальной рефлюксной болезни (НЭРБ и ГЭРБ)
  • ауырлығы кез келген дәрежедегі эрозиялық эзофагитті емдеуде
  • эрозиялық эзофагиттің алдын алуда және қыжылдау көріністерін жеңілдетуде
  • эрозиялық емес рефлюкс ауруы мен гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ЭЕРА және ГЭРА) симптомдары ретіндегі қыжылдауды емдеуде

Противопоказания дексиланта в капсулах

  • повышенная чувствительность к любому из компонентов препарата
  • совместное применение с атазановиром
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • беременность, период лактации
  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
  • атазановирмен бірге қолдану
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
  • жүктілік, лактация кезеңі

Побочные действия капсул дексиланта

Наиболее частыми (не менее 2 %) нежелательными побочными реакциями являются диарея, метеоризм, боли в животе, тошнота, рвота, инфекции верхних дыхательных путей.

Ниже приводятся данные о нежелательных побочных реакциях в зависимости от частоты их возникновения: Очень часто ≥ 1/10, Часто ≥ 1/100 и < 1/10, Нечасто ≥ 1/1000 и < 1/100, Редко ≥ 1/10000 и < 1/1000, Очень редко < 1/10000, включая отдельные случаи, Частота неизвестна (невозможно оценить на основании имеющихся данных).

Нарушения со стороны иммунной системы:
Частота неизвестна: Гиперчувствительность (в том числе анафилактические реакции), злокачественная экссудативная эритема (синдром Стивенса-Джонсона), токсический эпидермальный некролиз, эксфолиативный дерматит, анафилактический шок.

Нарушения со стороны обмена веществ и питания:
Частота неизвестна: Увеличение веса, гипомагниемия, гипонатриемия, гиперкалиемия, гиперпротеименемия

Лабораторные изменения:
Частота неизвестна: Увеличение креатинина в крови, увеличение глюкозы в крови, тромбоцитопения

Нарушения со стороны желудочно-кишечного тракта:
Часто: Диарея, дискомфорт и боли в животе, запор, метеоризм, тошнота, рвота
Нечасто: Сухость во рту
Редко: Кандидоз полости рта
Частота неизвестна: Отек слизистой рта, панкреатит.

Нарушения со стороны почек и мочевыводящих путей:
Частота неизвестна: Острая почечная недостаточность.

Нарушения со стороны печени и желчевыводящих путей:
Нечасто: Выход значений функциональных печеночных тестов за пределы нормы
Частота неизвестна: Лекарственный гепатит.

Нарушения со стороны кожи и подкожных тканей:
Нечасто: Сыпь, крапивница, зуд
Частота неизвестна: Лейкоцитокластический васкулит, генерализованная сыпь.

Нарушения со стороны дыхательной системы, органов грудной клетки и средостения:
Часто: Инфекционные заболевания верхних дыхательных путей
Нечасто: Кашель
Частота неизвестна: Отек гортани, чувство стеснения в горле.

Нарушения со стороны сердечно - сосудистой системы:
Частота неизвестна: стенокардия, аритмия, брадикардия, боль в груди, отек, инфаркт миокарда, сердцебиение, тахикардия

Нарушения со стороны крови и лимфатической системы:
Частота неизвестна: Аутоиммунная гемолитическая анемия, идиопатическая тромбоцитопеническая пурпура.

Нарушения со стороны скелетно-мышечной и соединительной ткани:
Частота неизвестна: Переломы

Нарушения со стороны сосудов:
Нечасто: Приступ жара (приливы), артериальная гипертензия.

Нарушения со стороны нервной системы:
Часто: Головная боль
Нечасто: Головокружение, дисгевзия
Редко: Парестезия, судороги
Частота неизвестна: Инсульт, транзиторная ишемическая атака.

Нарушения со стороны органа зрения:
Редко: Нарушение зрения
Частота неизвестна: Нарушение зрения (затуманивание).

Нарушения со стороны органа слуха и лабиринтные нарушения:
Редко: Вертиго
Частота неизвестна: Снижение слуха.

Нарушения психики:
Нечасто: Бессонница, депрессия
Редко: Слуховые галлюцинации.

Общие расстройства:
Нечасто: Слабость, изменения аппетита
Частота неизвестна: Отек лица.
Ең жиі (2 % аз) қалаусыз жағымсыз реакциялар диарея, метеоризм, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары болып табылады.

Төменде қалаусыз жағымсыз реакциялар туралы деректер олардың пайда болу жиілігіне қарай беріледі: Өте жиі ≥ 1/10, Жиі ≥ 1/100 және < 1/10, Жиі емес ≥ 1/1000 және < 1/100, Сирек ≥ 1/10000 және < 1/1000, Өте сирек < 1/10000, жекелеген жағдайларды қоса, Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: Аса жоғары сезімталдық (соның ішінде анафилактикалық реакциялар), қатерлі экссудаттық эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермалық некролиз, эксфолиативті дерматит, анафилактикалық шок.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: Салмақ қосу, гипомагниемия, гипонатриемия, гиперкалиемия, гиперпротеинемия

Зертханалық өзгерістер:
Жиілігі белгісіз: Қандағы креатининнің көтерілуі, қандағы глюкозаның көбеюі, тромбоцитопения

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:
Жиі: Диарея, іштің жайсыздануы және ауыруы, іш қату, метеоризм, жүрек айну, құсу
Жиі емес: Ауыздың кеберсуі
Сирек: Ауыз қуысының кандидозы
Жиілігі белгісіз: Ауыз шырышты қабығының ісінуі, панкреатит.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: Жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар:
Жиі емес: Бауырдың функционалдық тестілер мәндерінің қалып шегінен шығып кетуі
Жиілігі белгісіз: Дәрілік гепатит.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар:
Жиі емес: Бөртпе, есекжем, қышыну
Жиілігі белгісіз: Лейкоцитокластты васкулит, жайылған бөртпе.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар:
Жиі: Жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалы аурулары
Жиі емес: Жөтел
Жиілігі белгісіз: Тамақтың ісінуі, тамақтың қысылу сезімі.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: стенокардия, аритмия, брадикардия, кеуденің ауыруы, ісіну, миокард инфарктісі, жүрек қағу, тахикардия

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: Аутоиммундық гемолитикалық анемия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: Сынулар

Тамырлар тарапынан бұзылулар:
Жиі емес: Ыстық ұстамасы (ысынып кету), артериялық гипертензия.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
Жиі: Бас ауыру
Жиі емес: Бас айналу, дисгевзия
Сирек: Парестезия, құрысулар
Жиілігі белгісіз: Инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуыл.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар:
Сирек: Көрудің нашарлауы
Жиілігі белгісіз: Көрудің нашарлауы (тұмандану).

Есту ағзасы тарапынан бұзылулар және лабиринтті бұзылулар:
Сирек: Вертиго
Жиілігі белгісіз: Естудің кемуі.

Психика бұзылулары:
Жиі емес: Ұйқысыздық, депрессия
Сирек: Есту арқылы елестеулер.

Жалпы бұзылыстар:
Жиі емес: Әлсіздік, тәбеттің өзгеруі
Жиілігі белгісіз: Беттің ісінуі.

Особые указания к применению

Перед началом лечения декслансопразолом следует исключить возможность злокачественного новообразования, поскольку препарат может маскировать симптомы и отсрочить правильную постановку диагноза. Если симптомы сохраняются, несмотря на адекватное лечение, то следует провести дальнейшее обследование.

При приеме ингибиторов протонной помпы, к которым относится декслансопразол, повышается риск желудочно-кишечных инфекций, сопровождающиеся диареей, возбудителями которых являются бактерии рода Clostridium difficile, особенно у госпитализированных пациентов. Это необходимо принять во внимание в случае, если при лечении диареи состояние пациента не улучшается. Пациентам в данном случае рекомендуется принимать минимально эффективную дозу декслансопразола при наименьшей продолжительности лечения.

У пациентов, получающих высокие дозы препарата или при длительной терапии ингибиторами протонной помпы (ИПП) в течение года и более, возрастает риск остеопоротических переломов костей бедер, кистей и позвоночника. Пациенты с риском возникновения остеопоротических переломов должны придерживаться рекомендуемых дозировок (см. раздел «Способ применения и дозы»).

В редких случаях у пациентов наблюдалась симптоматическая и асимптоматическая гипомагниемия при приеме препаратов ИПП в течение не менее трех месяцев, а в большинстве случаев – при приеме в течение года. Симптомами гипомагниемии являются тетания, аритмия и судороги. Лечение – восполнение магния и отмена приема препаратов ИПП. У пациентов, которым необходимо продолжительное лечение или одновременно принимающих препараты ИПП с дигоксином или другими препаратами, способными вызвать гипомагниемию (например, диуретики), необходимо контролировать уровень магния в сыворотке крови до начала и во время лечения.

Применение пожилыми людьми
Не было выявлено значительных различий по части реакции у пожилых и более молодых пациентов, но нельзя исключать большую чувствительность у некоторых более пожилых людей.

Почечная недостаточность
Для пациентов с почечной недостаточностью корректировка дозы декслансопразола не требуется. Изменение фармакокинетики декслансопразола у пациентов с почечной недостаточностью не ожидается, поскольку декслансопразол интенсивно метаболизируется в печени в пассивные метаболиты, и исходное вещество отсутствует в моче после перорального приема дозы декслансопразола.

Печеночная недостаточность
Для пациентов с легкой печеночной недостаточностью (Класс A по Чайлд-Пью) не требуется корректировка дозы декслансопразола. Для пациентов с умеренной печеночной недостаточностью (класс B по Чайлд-Пью) возможно применение 30 мг декслансопразола. Исследования на пациентах с тяжелой печеночной недостаточностью (класс C по Чайлд-Пью) не проводились.

Применение в педиатрической практике
Безопасность и эффективность Дексилан™ для пациентов детского возраста (младше 18 лет) не была установлена.

Беременность и лактация
Применение препарата Дексилант™ в период беременности противопоказано. При необходимости применения препарата в период лактации следует прекратить грудное вскармливание.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Из-за вероятности возникновения головокружения и нарушения зрения следует воздержаться от управления транспортными средствами и другими механизмами, требующими повышенного внимания.
Декслансопразолмен емдеуді бастар алдында қатерлі жаңа түзілімдердің болу мүмкіндігін жоққа шығару керек, өйткені препарат симптомдарды бүркемелеп, диагноздың дұрыс қойылуын кешеуілдетуі мүмкін. Егер симптомдар сақталса, талапқа сай емделуге қарамастан, әріқарай тексеру жүргізу қажет.

Декслансопразол қамтылатын протон помпасы тежегіштерін қабылдағанда, әсіресе, ауруханаға жатқызылған емделушілерде қоздырғыштары Clostridium difficile тектес бактериялар болып табылатын диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жұқпаларының қаупі артады. Егер диареяны емдегенде емделушінің жағдайы жақсармаған жағдайда мұны ескеру қажет. Аталған жағдайда емделушілерге ең аз емдеу ұзақтығында декслансопразолдың ең төмен тиімді дозасын қабылдау ұсынылады.

Препараттың жоғары дозаларын алатын емделушілерде немесе бір жыл бойы және одан көп протон помпасы тежегіштерімен (ППТ) ұзақ уақыт емделгенде сан, білезік және омыртқа сүйектерінің остеопороздық сынулар қаупі арта түседі. Остеопороздық сынулардың пайда болу қаупі бар емделушілер ұсынылған дозаларды ұстануы тиіс («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Сирек жағдайларда емделушілерде кемінде үш ай бойы, ал көпшілік жағдайларда бір жыл бойы ППТ препараттарын қабылдағанда симптоматикалық және асимптоматикалық гипомагниемия байқалды. Гипомагниемия симптомдары тетания, аритмия және құрысулар болып табылады. Емі – магний орнын толтыру және ППТ препараттарын қабылдауды тоқтату. Ұзақ уақыт емдеу қажет болатын немесе ППТ препараттарын дигоксинмен немесе гипомагниемия туғызуға қабілетті басқа препараттармен (мысалы, диуретиктер) бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде ем басталғанша және емдеу кезінде сарысудағы магний деңгейін бақылау қажет.

Егде жастағы емделушілерде қолдану
Егде жастағы және жасырақ емделушілердегі реакцияларға қатысты елеулі айырмашылықтар анықталмаған, бірақ кейбір аса егде адамдардағы үлкен сезімталдықты жоққа шығаруға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін декслансопразол дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде декслансопразол фармакокинетикасының өзгеруі күтілмейді, өйткені декслансопразол бауырда баяу метаболиттерге қарқынды метаболизденеді, ал декслансопразол дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін несепте бастапқы зат болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл (Чайлд-Пью бойынша A класы) емделушілер үшін декслансопразол дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі орташа (Чайлд-Пью бойынша В класы) емделушілерге 30 мг декслансопразол қолдануға болады. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр (Чайлд-Пью бойынша С класы) емделушілерде зерттеулер жүргізілмеген.

Педиатриялық тәжірибеде қолдану
Балалар жасындағы (18 жасқа толмаған) емделушілер үшін Дексилан™ қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация
Дексилант™ препаратын жүктілік кезеңінде қолдану қарсы көрсетілімді. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Бас айналудың болуы және көрудің нашарлауы ықтимал екендіктен, көлік құралдарын және жоғары зейін қоюды талап ететін басқа механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дозировка и способ применения

Дексилант™ принимают внутрь целиком, можно принимать независимо от приема пищи. Также можно принимать следующим образом: открыть капсулу, высыпать содержимое в столовую ложку и смешать с яблочным пюре, гранулы немедленно проглотить, не разжевывая.

Лечение эрозивного эзофагита любой степени тяжести:
Рекомендованной дозой является 60 мг 1 раз в сутки. Курс лечения – 8 недель.

Профилактика эрозивного эзофагита и облегчение проявлений изжоги:
Рекомендованной дозой является 30 мг 1 раз в сутки. Курс лечения до 4 недель.

Пациентам с эрозивным эзофагитом средней и тяжелой степени рекомендованной дозой является 60 мг 1 раз в сутки. Курс лечения до 6 месяцев.

Симптоматическое лечение гастроэзофагеальной рефлюксной болезни ГЭРБ и НЭРБ:
Рекомендованной дозой является 30 мг 1 раз в сутки. Курс лечения – 4 недели.

У пациентов с нарушениями функции печени средней степени тяжести (класс В по Чайлд-Пью) суточная доза не должна превышать 30 мг декслансопразола.

Клинические данные о приеме препарата у пациентов с нарушениями тяжелой степени (класс С по Чайлд-Пью) отсутствуют.

Коррекции дозы у пожилых пациентов, пациентов с нарушением функции почек и с нарушением функции печени легкой степени тяжести (класс А по Чайлд-Пью) не требуется.
Дексилант™ бүтіндей ішке қабылданады, ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Былайша қабылдауға да болады: капсуланы ашып, ішіндегісін ас қасыққа төгіп және алма езбесімен араластырып, түйіршіктерді шайнамастан дереу жұтып жіберген жөн.

Ауырлығы кез келген дәрежедегі эрозиялық эзофагитті емдеу:
Ұсынылған дозасы – тәулігіне 1 рет 60 мг. Емдеу курсы – 8 апта.

Эрозиялық эзофагиттің алдын алу және қыжылдау көріністерін жеңілдету:
Ұсынылған дозасы – тәулігіне 1 рет 30 мг. Емдеу курсы – 4 аптаға дейін.

Орташа және ауыр дәрежедегі эрозиялық эзофагит бар емделушілерде ұсынылған дозасы – тәулігіне 1 рет 60 мг. Емдеу курсы – 6 айға дейін.

ГЭРА және ЭЕРА гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу:
Ұсынылған дозасы – тәулігіне 1 рет 30 мг. Емдеу курсы – 4 апта.

Ауырлығы орташа дәрежеде бауыр функциясы бұзылған емделушілерде (Чайлд-Пью бойынша В класы) тәуліктік дозасы 30 мг декслансопразолдан аспауы тиіс.

Ауыр дәрежелі бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар емделушілерде препарат қабылдау жөніндегі клиникалық деректер жоқ.

Егде жастағы емделушілерде, ауырлығы жеңіл дәрежеде (Чайлд-Пью бойынша А класы) бүйрек функциясы бұзылған және бауыр функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Взаимодействие с лекарствами

Взаимодействие с цитохромом P 450

Декслансопразол частично метаболизируется при помощи CYP2C19 и CYP3A4 . Также отмечено отсутствие клинически значимого лекарственного взаимодействия с фенитоином, теофиллином и диазепамом. Лабораторные исследования показали, что ингибирование изоформ CYP 1A1, 1A2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2D6, 2E1 или 3A4 декслансопразолом маловероятно. Поэтому не ожидается клинически существенного взаимодействия с лекарствами, метаболизируемыми этими ферментами CYP. Дексилант™ не влияет на фармакокинетику совместно применяемого фенитоина (субстрат CYP2C9) или теофиллина (субстрат CYP1A2). Генотипы CYP1A2 пациентов в исследовании взаимодействия лекарств с теофиллином не были определены. Хотя лабораторные исследования показали, что Дексилант™ может ингибировать CYP2C19 в организме, исследования взаимодействия лекарств в организме в основном на быстрых и средних метаболизаторах CYP2C19 показали, что Дексилант™ не влияет на фармакокинетику диазепама (субстрат CYP2C19).

Препарат Дексилант™ может быть назначен без риска лекарственного взаимодействия пациентам, принимающим клопидогрел. В случае совместного приема корректировки дозы клопидогрела не требуется.

Одновременное применение препарата Дексилант™ может влиять на всасывание препаратов, биодоступность которых зависит от рН среды желудка (например, сложные эфиры ампицилина, дигоксин, соли железа, кетоконазол).

Отмечаются увеличение МНО и протромбинового времени у пациентов, одновременно принимающих ингибиторы протонового насоса и варфарин.

С осторожностью препарат Дексилант™ может быть назначен:
  • пациентам, принимающим такролимус. Одновременный прием может привести к увеличению концентрации такролимуса в плазме крови, особенно у пациентов после трансплантации, которые являются умеренными или медленными метаболизаторами CYP2C19
  • пациентам, принимающим варфарин. Может понадобиться наблюдение: необходимо проводить контроль протромбинового времени и МНО (международное нормализованное отношение). Одновременное применение 90 мг декслансопразола и 25 мг варфарина не влияет на фармакокинетику варфарина или международный нормализованный индекс, однако были зарегистрированы сообщения об увеличенном международном нормализованном индексе и протромбиновом времени у пациентов, одновременно принимающих ингибиторы протонового насоса и варфарин. Увеличение международного нормализованного индекса и протромбинового времени может привести к аномальному кровотечению.
  • пациентам, принимающим метотрексат. Одновременный прием может привести к повышению и сохранению высокой концентрации метотрексата и/или его метаболита в сыворотке. При необходимости приема высоких доз метотрексата рекомендуется временная отмена приема препарата Дексилант™. Однако официальных исследований взаимодействия высоких доз метотрексата с ингибиторами протонового насоса не проводилось.
P 450 цитохромымен өзара әрекеттесуі

Декслансопразол CYP2C19 және CYP3A4 арқылы ішінара метаболизденеді. Сонымен қатар, фенитоинмен, теофиллинмен және диазепаммен клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуінің болмайтыны білінген. Зертханалық зерттеулер CYP 1A1, 1A2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2D6, 2E1 немесе 3A4 изотүрлерінің декслансопразолмен тежелу ықтималдығының аз екенін көрсетті. Сондықтан осы CYP ферменттерімен метаболизденетін дәрілермен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі күтілмейді. Дексилант™ бірге қабылданған фенитоин (CYP2C9 субстраты) немесе теофиллин (CYP1A2 субстраты) фармакокинетикасына ықпал етпейді. Дәрілердің теофиллинмен өзара әрекеттесулерінің зерттеуінде CYP1A2 генотиптері анықталмаған. Зертханалық зерттеулер Дексиланттың™ организмде CYP2C19 тежеуі мүмкін болса да, негізінен жылдам және орташа CYP2C19 метаболизаторларына жүргізілген организмдегі дәрілердің өзара әрекеттесулерінің зерттеулері Дексиланттың™ диазепам фармакокинетикасына (CYP2C19 субстраты) ықпал етпейтінін көрсетті.

Дексилант™ препаратын клопидогрел қабылдайтын емделушілерге дәрілік өзара әрекеттесу қаупінсіз тағайындауға болады. Бірге қабылдаған жағдайда клопидогрел дозасын түзету қажет емес.

Дексилант™ препаратын бір мезгілде қолдану биожетімділігі асқазан ортасының рН шамасына байланысты болатын препараттардың (мысалы, ампицилиннің күрделі эфирлері, дигоксин, темір тұздары, кетоконазол) сіңуіне ықпал етуі мүмкін.

Бір мезгілде протон сорғысы тежегіштері мен варфарин қабылдайтын емделушілерде ХҚҚ және протромбин уақытының ұзаруы білінеді.

Дексилант™ препаратын сақтықпен тағайындауға болады:
  • такролимус қабылдайтын емделушілерге. Бір мезгілде қабылдау, әсіресе, трансплантациядан кейінгі орташа немесе баяу CYP2C19 метаболизаторлары болып табылатын емделушілерде қан плазмасындағы такролимус концентрациясының артуына әкелуі мүмкін
  • варфарин қабылдайтын емделушілерге. Қадағалау керек болуы мүмкін: ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) және протромбин уақытына бақылау жүргізу қажет. Бір мезгілде 90 мг декслансопразол мен 25 мг варфарин қолдану варфарин фармакокинетикасына немесе халықаралық қалыптасқан индекске ықпал етпейді, алайда бір мезгілде протон сорғысы тежегіштері мен варфарин қабылдайтын емделушілерде халықаралық қалыптасқан индекс пен протромбин уақытының артуы туралы хабарламалар тіркелген. Халықаралық қалыптасқан индекс пен протромбин уақытының артуы аномальді қан кетуге әкелуі мүмкін.
  • метотрексат қабылдайтын емделушілерге. Бір мезгілде қабылдау метотрексат және/немесе оның метаболитінің сарысудағы жоғары концентрациясының артуына және сақталуына әкелуі мүмкін. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдау қажет болса, Дексилант™ препаратын қабылдауды уақытша тоқтату ұсынылады. Алайда метотрексат жоғары дозаларының протон сорғысы тежегіштерімен өзара әрекеттесуіне ресми зерттеулер жүргізілмеген.

Передозировка дексилантом в капсулах

Симптомы: сообщений о значимых случаях передозировки в результате применения препарата Дексилант™ отмечено не было. Многократный прием дозы по 120 мг и однократный прием в дозе 300 мг не вызывали тяжелых побочных эффектов. Наблюдался побочный эффект в виде артериальной гипертензии при приеме препарата Дексилант™ 60 мг 2 раза в день.

Лечение: в случае передозировки и только при наличии клинических проявлений проводится симптоматическая терапия. Декслансопразол не выводится посредством гемодиализа.
Симптомдары: Дексилант™ препаратын қолдану нәтижесіндегі артық дозаланудың елеулі жағдайлары жөнінде хабарламалар болмаған. 120 мг дозаны көп рет қабылдау және 300 мг дозада бір рет қабылдау ауыр жағымсыз әсерлер тудырмаған. Дексилант™ препаратын күніне 2 рет 60 мг қабылдау кезінде артериялық гипертензия түріндегі жағымсыз әсері байқалды.

Емі: артық дозаланғанда және клиникалық көріністері болғанда симптоматикалық ем жүргізіледі. Декслансопразол гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Абсорбция

Декслансопразол хорошо всасывается при приеме внутрь. Его биодоступность составляет 76% и более. Двухкомпонентный состав препарата Дексилант™ обуславливает всасывание в виде двух pH-зависимых фаз. Первый пик концентрации активного вещества возникает в интервале от 1 до 2 часов после приема внутрь (1 фаза высвобождения активного вещества) и от 4 до 5 часов (2 фаза высвобождения активного вещества) соответственно. После 5 дней приема декслансопразола в дозировках 30 мг и 60 мг максимальная концентрация в плазме крови (Cmax) составляет 658 нг/мл и 1397 нг/мл соответственно.

Площадь под кривой «концентрация-время» (AUC) равна 3275 нг ч/мл и 6529 нг ч/мл после 5 дней приема декслансопразола в дозировках 30 мг и 60 мг соответственно (см. Таблицу 1).

Распределение

Связывание декслансопразола с белками плазмы варьировалось от 96,1% до 98,8% .

Метаболизм

Декслансопразол интенсивно метаболизируется в печени до неактивных метаболитов в результате процессов окисления, восстановления и последующего образования сульфатных, глюкоронидных и глутатионовых соединений. Окисление осуществляется с помощью ферментной системы цитохрома Р450, которая участвует как в процессе гидроксилирования (преимущественно CYP2C19), так и в процессе окисления (CYP3A4) . CYP2C19 является полиморфным печеночным изоферментом, который существует в 3 фракциях, проявляющих разные свойства при метаболизме субстратов: быстрые, умеренные и медленные метаболизаторы. Декслансопразол является основным компонентом в плазме крови независимо от типа метаболизатора CYP2C19. В случае со средними и сильными метаболизаторами CYP2C19 основным метаболитом в плазме крови является 5-гидроксидекслансопразол и его глюкуроновое соединение. При слабых метаболизаторах CYP2C19 – декслансопразола сульфон.

Выделение

Период полувыведения препарата – 1-2 ч.

Клиренс после 5 дней приема декслансопразола составляет 11,4 и 11,6 л/ч для дозировки 30 мг и 60 мг соответственно.

Препарат выводится через почки (около 51%) и 48% выводится через кишечник.

Препарат интенсивно метаболизируется в печени, при применении декслансопразола у пациентов с нарушением функции почек снижения дозы не требуется. Как и у пациентов с нормальной функцией почек изменение фармакокинетики не ожидается.
Сіңірілуі

Декслансопразол ішке қабылдағанда жақсы сіңеді. Оның биожетімділігі 76% және одан көп құрайды. Дексилант™ препаратының екі компонентті құрамы екі pH-тәуелді фазалар түрінде сіңуіне жағдай жасайды. Белсенді зат концентрациясының алғашқы жоғарғы шегі ішке қабылдағаннан кейін, тиісінше, 1-2 сағат аралығында (белсенді зат босап шығатын 1 фаза) және 4-5 сағат аралығында (белсенді зат босап шығатын 2 фаза) туындайды. 30 мг және 60 мг дозадағы декслансопразол 5 күн қабылданғаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Cmax), тиісінше, 658 нг/мл және 1397 нг/мл құрайды.

«Концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC), тиісінше, 30 мг және 60 мг дозаланған декслансопразолды 5 күн қабылдағаннан кейін 3275 нг сағ./мл және 6529 нг сағ./мл тең (1 кестені қараңыз).

Таралуы

Декслансопразолдың плазма ақуыздарымен байланысуы 96,1%-дан 98,8% дейін ауытқыды.

Метаболизмі

Декслансопразол тотығу, тотықсыздану және сульфатты, глюкоронидті және глутатионды қосылыстардың кейіннен түзілу үдерістерінің нәтижесінде белсенді емес метаболиттерге дейін бауырда қарқынды метаболизденеді. Тотығу гидроксилдену үдерісіне де (көбінесе CYP2C19), тотығу үдерісіне де (CYP3A4) қатысатын Р450 цитохромының ферменттік жүйесі көмегімен жүзеге асады. CYP2C19 - субстраттар метаболизмі кезінде әртүрлі қасиеттерін көріністейтін 3 фракцияда болатын полиморфты бауыр изоферменті: жылдам, орташа және баяу метаболизаторлар. Декслансопразол CYP2C19 метаболизаторы типіне қарамастан қан плазмасындағы негізгі компонент болып табылады. Орташа және күшті CYP2C19 метаболизаторлары жағдайында қан плазмасындағы негізгі метаболиті 5-гидроксидекслансопразол және оның глюкуронды қосылысы болып табылады. Әлсіз CYP2C19 метаболизаторларында – декслансопразол сульфон.

Бөлініп шығуы

Препараттың жартылай шығарылу кезеңі – 1-2 сағат.

Декслансопразол қабылдаған 5 күннен кейінгі клиренсі 30 мг және 60 мг дозалары үшін, тиісінше, 11,4 және 11,6 л/сағат құрайды.

Препарат бүйрек арқылы шығарылады (51% жуық) және 48% ішек арқылы шығарылады.

Препарат бауырда қарқынды метаболизденеді, декслансопразол қолданғанда бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде дозаны азайту қажет емес. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілердегі сияқты фармакокинетикасының өзгеруі күтілмейді.

Фармакодинамика

Декслансопразол является ингибитором протонного насоса, подавляет секрецию желудочного сока путем угнетения Н+/K+-АТФ-азы в париетальных клетках желудка. Блокирует заключительную стадию секреции соляной кислоты.

Капсула Дексилант™ распадается в желудке и содержит два типа гранул, покрытых кишечнорастворимой оболочкой, которые высвобождают активное вещество в зависимости от pH в различных областях тонкого кишечника. Дексилант™ является препаратом с модифицированным высвобождением декслансопразола и энантиомера лансопразола, которые действует с инновационной двойной задержкой выпуска (ДЗВ) по специальной технологии, разработанной для продления концентрации в плазме декслансопразола. Данная комбинация помогает пролонгировать действие препарата и способствует снижению секреции желудочного сока в течение продолжительного времени.

Влияние на уровень сывороточного гастрина
Во время лечения Дексилант™ 30 мг и 60 мг в период до 6 - 12 месяцев средние концентрации гастрина натощак увеличиваются относительно исходного уровня. При терапии более 6 месяцев средние уровни сывороточного гастрина увеличиваются приблизительно в период первых 3 месяцев терапии и стабилизируются на протяжении остального лечения. Средние уровни сывороточного гастрина возвращаются к исходным показателям до лечения в течение одного месяца после прекращения терапии.

Влияние на энтерохромаффиноподобные клетки (ECL)
При применении Дексилант™ 30 мг, 60 мг или 90 мг в период до 12 месяцев сообщений о гиперплазии ECL-клеток на основании гастробиоптатов получено не было.
Декслансопразол протон сорғысының тежегіші болып табылады, асқазанның париетальді жасушаларында Н+/K+-АТФ-азаны бәсеңдету арқылы асқазан сөлінің секрециясын бәсеңдетеді. Тұз қышқылы секрециясының қорытынды сатысын бөгейді.

Дексилант™ капсуласы асқазанда ыдырайды және аш ішектің әртүрлі аумақтарындағы pH қарай белсенді затты босатып шығаратын ішекте еритін қабықпен қапталған екі типті түйіршіктерден құралады. Дексилант™ - плазмадағы декслансопразол концентрациясын ұзарту үшін даярланған арнаулы технология бойынша инновациялық қосарлы шығарылым кідірісімен (ҚШК) әрекет ететін декслансопразол мен энантиомер лансопразолдың босап шығуы өзгертілген препарат. Аталған біріктірілім препарат әсерін ұзартуға көмектеседі және ұзақ уақыт бойы асқазан сөлі секрециясын төмендетуге ықпал етеді.

Сарысу гастрині деңгейіне ықпалы
6-12 айға дейінгі кезеңде 30 мг және 60 мг Дексилантпен™ емделу кезінде аш қарындағы гастрин концентрациясы бастапқы деңгеймен салыстырмалы ұлғаяды. 6 айдан артық емдеу кезінде сарысулық гастриннің орташа деңгейлері емнің шамамен алғашқы 3 айлық кезеңінде артады және қалған емдеу кезеңінде тұрақтанады. Сарысулық гастриннің орташа деңгейлері ем тоқтатылғаннан кейін бір ай ішінде емдеуге дейінгі бастапқы көрсеткіштерге оралады.

Энтерохромаффин тәрізді жасушаларға ықпалы (ECL)
12 айға дейінгі кезеңде 30 мг, 60 мг немесе 90 мг Дексилант™ қолданылғанда гастробиоптаттар негізіндегі ECL-жасушалар гиперплазиясы туралы хабарламалар алынбаған.

Упаковка и форма выпуска

По 14 или 28 капсул помещают во флаконы из полиэтилена, запаянные алюминиевой фольгой и укупоренные навинчивающимися полипропиленовыми крышками с полостью, содержащими силикагель и снабженные кольцом для контроля первого вскрытия. По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
14 немесе 28 капсуладан алғашқы ашылуы бақыланатын сақинамен жабдықталған және құрамында силикагель бар жолағымен бұралатын полипропилен қақпақтармен тығындалған және алюминий фольгамен дәнекерленген полиэтилен құтыларға салынады. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.